Бір қап қоқысты бір кофеге ауыстыр: Алматылық кәсіпкер жұртты сүйсіндірді (видео)

0

Кофе және басқа да сусындар сататын кәсіпкер Алма-Арасан шатқалындағы туристерді, қала халқының алғысына бөленді.

Әлеуметтік желіде таралған жазбаға сәйкес, Махаддин есімді ер азамат бір қап қоқыс үшін туристерге тегін кофе, шай немесе какао ұсынған. Бұл туралы Салтанат Ташимова есімді желі қолданушысы жазады.

«Біз бұл азаматтың ісіне таңдай қағудамыз. Бұл басқа да кәсіпкерлер үшін үлгі боларлық әрекет. Ол азамат жайлы бірінші рет білдім. Қандай керемет адам. Біз жастар мен егде жастағы адамдардың қоқыс жинап келгенін көрдік. Мұндай адамдарды көріп кеудеңді қуаныш кернейді», – деп жазды ол.