бір отбасының төрт баласы зардап шекті

0
18

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ұшақтың құлауы салдарынан тоғыз бала жарақат алды, оның төртеуі бір отбасыдан. Осы ұшақ апатында олар әкесінен айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Балалар омбудсмені Аружан Саин Алматы түбіндегі ұшақ апаты кезінде зардап шеккен балаларға барып қайтты. Ол сол рейстің кішкентай жолаушыларының жағдайы туралы айтты.

«Зардап шеккен балалардың төртеуі бір отбасыдан екен, жалғыз асыраушылары – әкесі қаза болды. Ауруханада Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымовты жолықтырдық, ол туыстарымен кездесті. Әкімдік отбасына көмектесу үшін шаралар қабылдауда», – деп хабарлады Аружан Саин.

Оның айтуынша, Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында екі бала жатыр.

«Үш баланың аяғы сынған, бір қыздың екі аяғына да зақым келді, осы уақытқа дейін барлық операция жасалды, қыздардың бірі палатада. Операциядан кейін екі баладан басқасы есін жиды. Олар жан сақтау бөлімінде – ұйқыда жатыр, барлығы өздігінен дем алуда. Балалардың ешқайсының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ең кішкентай балалар ауыр жарақат алмаған, олардың екеуі әзірге жан сақтау бөлімінде», – деп жазды Саин.

Ол қаланың барлық қызметіне, құтқарушыларға, әскери қызметкерлерге, жедел жәрдем дәрігерлеріне, зардап шеккендерді құтқарып, қазір көмектесіп жатқан клиникаларға алғысын білдірді.

Ұшақтың бөлінген жерінде отырған

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жарақат алған ең ересек бала туралы айтты. Жанқозы төртінші қатарда – терезе жанында, ұшақтың сынған жеріне өте жақын жерде отырған.

«Оқиға кезінде бала өзін-өзі ұстай білді, ересектерге құлаған заттарды алуға көмектесті. Ал сыртқа шыққанда төтенше жағдайлар қызметкерлері мен әскерилерге ол жерді тазартуға, кірпіш тасуға көмектеспек болды. Әрине, олар оған рұқсат бермеді, оны жедел жәрдемге алып барып, ауруханаға жіберді», – деп түйіндеді Саин.

Баланың әкесі баласын осы рейспен елордада жұмыс істейтін анасына жібергенін айтты.

Алматыдағы ұшақ апаты

Қайғылы оқиға бүгін таңертең болды. Bek Air әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытындағы Fokker 100 ұшағы Талғар ауданында құлады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 12 адамның өмірін қиды. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Қазақстандықтар әуе апатынан қаза болғандарды аза тұтып жатыр

Президентің тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз