Бір отбасының 17 мүшесі коронавирус жұқтырып алды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлыбританияның Хейлсовен қаласында туысының жерлеу рәсіміне қатысқан 17 адамнан коронавирус анықталған және инфекцияны жұқтырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

17

Metro басылымының хабарлауынша, 86 жастағы Шейла Брукс 9 ақпанда коронавирустан қайтыс болды. Оның жерлеу рәсімі екі апта бұрын, оқшаулау шаралары қабылданғанға дейін өткен және оларға үлкен отбасы мүшелерінің көпшілігі қатысқан.

Арадан көп уақыт өтпей,13  наурызда Шейланың жиен-сіңлісі 65 жастағы Сьюзен Нельсон ауырып, коронавирус жұқтырды деген күдікпен көз жұмған.

Енді жерлеу рәсімінде болған тағы 16 адам сол кезде инфекцияны жұқтырып алдық деп күдіктеніп отыр. 

stan.kz