Бір күнде ұрықтандырылған балалар 15 жыл айырмашылықпен туған

0

Бір күнде ұрықтандырылған балалар 15 жыл айырмашылықпен туған

Бір күнде ұрықтандырылған 6 бала 15 жыл айырмашылықпен туған. Сондай-ақ ол балалардың қос-қостан ата-аналары бар.


 
53 жастағы америкалық Мэри Джонсон 16 жыл бұрын жасанды ұрықтандыруға жүгінген. Мамандар 14 эмбрион алып, екеуін Джонсонға салып, қалғанын қатырып қойған. Джонсон Алекс пен Курт есімді егіздерді дүниеге әкелген. Олар қазір 15 жаста. 2009 жылы Джонсонның денсаулығы сыр беріп, ол бала туу туралы ойынан бас тартып, эмбриондарды Ұлттық эмбрион орталығына берген. Бірақ бұл эмбриондардан туған балаларды көргісі келген. Нәтижесінде бір жыл бұрын Маттиас пен Джеймс Гарднер, жарты жыл бұрын Элианна мен Алиса Хефнер есімді егіз қыздар дүниеге келген. Оларды басқа әйел көтеріп, дүниеге әкелген. Бірақ джонсон олардың биологиялық анасы болып саналады. Үш отбасы да бір-бірімен хабарласып тұрады. Олар жақында балаларды таныстырмақ.

Дереккөз: КорреспонденТ

Дереккөз: http://reactor.inform.kz