Home Жаңалықтар Бір күнде коронавирустан қайтқан 10-15 адамға арнау жаздым – Құрманай Бақтиярқызы

Бір күнде коронавирустан қайтқан 10-15 адамға арнау жаздым – Құрманай Бақтиярқызы

Күндіз-түні ұйықтамай, мұрнымнан қан кеткенше өлең жаздым

0
370

Ақын, асаба, бірнеше хит әндердің авторы Құрманай Бақтиярқызы «Таңғы Studio» бағдарламасында «Біз біргеміз» әнінің сөзі қалай шықаны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мен бұл өлеңнің әр сөзін жазған сайын жыладым. Халықтың жүгін, мұң-мұқтажын арқалау, халықтың рухын көтеру, ол сөздің бәрін ойлап табу және жан-дүниеңді салып шығару оңай болған жоқ. Әнді тыңдап отырып, жылап отырып жаздым.

Сосын Ринатқа (ред. «Азия» тобының әншісі Ринат Баситов) жібердім де былай дедім: «Ринат, сен уайымдама, жүрекпен жазылған сөз жүрекке жетеді». Бір аптадан кейін Ринат сүйінші сұрап звондады. Кейін әншілер дүние келген балапанымды, сәбиімді бүкіл халыққа жеткізді. Бейнебаян түсірді. Оны көріп, тағы да жыладым.

Менің ойымдағыны жеткізді.  Еңсесі түсіп отырған халыққа «бірге жеңеміз, бәріне төземіз, жақсылықтың жаршысымыз» деп, рух бердім деп ойлаймын», – деді ол.

Сондай-ақ, ақын былтыр індеттен қайтыс болғандардың рухына күн сайын 10-15 арнау жазғанын да айтып өтті.

«Мен тек қана әнге сөз жазбаймын. Былтыр індет өршігенде қаншама жақынымыздан айырылып қалдық. Кеше де Амангелді (ред. Амангелді Сейітхан) бауырымыздан айырылып халдық. Ескендір ағамыздан айырылдық. Жақынынан айырылған адамдардың бәрі маған хабарласты. Бүкіл Қазақстаннан хабарласты. Бір күнде 10-15 адамға дейін арнау жаздым. Әрқайсысы 5-10 минуттан. Күндіз-түні ұйықтамай, мұрнымнан қан кеткенше өлең жаздым», – деді Құрманай Бақтиярқызы.