Бір ғасыр жасаған әжей ұзақ өмір сүрудің құпиясымен бөлісті — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан Ұлттық арнасының «Ниет» бағдарламасына жасы жүзден асқан әжей қатысып, ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әже

Кейуананың сөзінше, оның қартаймауының негізгі себебі тылсым қасиетінде екен. 

«Менің ұзақ жасауымның құпиясы қасиетімде байланысты. Жас кезімнен ширақ болдым, 30 жыл бойы мал бақтым мүкін содан шығар. Тамақ талғайтын әдетім жоқ. Тек кейін ғана жасым ұлғайғаннан кейін кейбір тағам түрлерін жемеуге тырысамын», — дейді кейуана. 

Насихат Сартқожа – 1921-жылы Моңғолия елінде, Баянөлгей деген қазақтар тұратын өлкеде Сартқожа шалдың отбасында дүниеге келген. 5 ұл бауыры бар, үйіндегі жалғыз қыз. Кенже бауыры — белгілі тюрколог ғалым Каржаубай Сартқожаұлы. Бетінен ешкім қақпай, еркін, бұла болып өсіпті. Кішкентайынан тілі өткір, бетің-жүзің демей айтып салатын қасиеті бар көрінеді.

Жас кезінде ауылда мал баққан, сиыр фермасында 13 жыл сауыншы болған, жолдасы кезінде КСРО-ға беретін малды айдап шекараға жеткізген дегендей, бірлестіктің мүшесі болып осындай шаруаларды атқарған.

Әке-шешесі қарапайым ауылда мал баққан адамдар болған. Бұл әжеміздің бойында бір қасиеті барын халқы біліп, ауырған, шетпе болған балаларын әкеліп және өздері келіп ұшықталатын болған. Қазірге дейін аяғы ауыр аналар мен балаларға дем салады екен.

Содан 82 жыл өмірін Моңғолияда өткізген әжей 2003-жылы тарихи отанына көшіп келіпті. Өзінің шаңырағы Жолымбет деген жерде Бакытмұрат деген ұлының қолында тұрады. Қазір Кояндыда қызы Лестің үйынде тұрып жатыр. Насихат Сартқожа — 7 баласынан 13 немере, 15 шөбере сүйіп отырған бақытты әже. 2019-жылы Моңголиядағы қазақ әйелдерінің Арулар Одағының бастығы Айнагүл Сарайқызы арнайы келіп, әжеге 100 жасқа толуына байланысты «Ару жұлдыз» алтын медалін табыстап кеткен.



stan.kz