«Бір елі қасынан қалмадым»: Ләйлә Сұлтанқызы кенже ұлының туған күнімен құттықтады

0

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы кенже ұлының туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тележүргізушінің ұлы Сардар 15 жасқа толды. Айтуынша, марқұм күйеуі ерекше жақсы көріпті.

“Қайрекең үйдің кішісі болса, Сардар – екінші ұрпақтың  кенжесі. Өте ұстамды, сабырлы, ешкімге ұқсамайтын ақылды еркем. 40-тан асқан шағында дүниеге келген соң шығар, «осы баламен өзімнің әке екенімді сезіндім» дейтін әкесі. Қатты еркелетті, бір дауыс көтерген емес, жарықтық! Сәл мазасызданса, түкіріп қоятын. Сондағысы өзімнің көзім өтпесін дегені…”, – деп жазды медиаменеджер.

Журналистің айтуынша, жолдасы өмірден өткеннен кейін, екі ұлы да есейіп кеткен. Әсіресе кенже ұлына әкесінің өлімі қатты әсер еткен көрінеді.
“Әкесі қайтқан соң өзіне тынып, қатты күйзеліске түсіп, үндемей қалар ма екен деп осы ұлымды қатты уайымдадым. Бір елі қасынан қалмадым. Жігіт қой, сыр білдірмеді. Спорт пен сабаққа ден қойып көңілін аулады. Жатсам да, тұрсам да, «Құдай, ұлымның жүрегіне ешуақытта салмақ түсіре көрмеші» деп тілеймін. Туған күніңмен, САР!”, – деп тілек білдірді журналист.