Бір де бір кандидат 50% дауыс жинай алмады — Түркияда президент сайлауы тағы өтеді
Түркия президентінің сайлауында 98% адам дауыс бергенімен, бір де бір кандидат қажетті 50% дауысты жинай алмады.
Қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанға сайлаушылардың 49,3% дауыс берді. Оның басты бәсекелесі Кемал Кылычдароглу 45% дауыс жинады.
Түркия Заңы бойынша, егер президенттікке кандидаттардың ешқайсысы 50% дауыс жинамаса, сайлаудың екінші кезеңі өтуі керек.
Қайта дауыс беру туры Түркияда 2023 жылдың 28 мамырына жоспарланған.
фото: kp.ru