Бір ауыз орысша білмейтін: Елбасы Шөкеев туралы әзіл айтты

0

Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде елбасы Өмірзақ Шөкеев жайлы әзіл айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев партия мүшесіне Түркістан облысына әкім болып сайланған Өмірзақ Шөкеев жайлы әзіл айтты. Оның жас кезінде орысша білмегенін айтып күлдірді.

“Қорықпа, Өмірзақ Шөкеев те оқуға түсер кезде бір ауыз орысша сөз білмейтін. Бірақ оқуды үздік аяқтады. Тіпті Түркістан облысына әкім болды”, – деп күлді елбасы.

Айта кетейік, Өмірзақ Шөкеев елбасының ұсынысымен Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған еді.

 

Источник: Stan.kz