Бір аптада 4 жұмыс күні: Исландиялық тәжірибе керемет нәтиже берді

0
741

Исландия төрт күндік жұмыс аптасын енгізу тәжірибесін «керемет жетістік» деп атады. Independent-тің хабарлауынша, жұмыс уақытының қысқаруымен қызметкерлердің еңбек өнімділігі (көп жағдайда) өзгеріссіз қалады немесе тіпті артты. Қызметкерлердің әл-ауқаты бірнеше жағынан жақсарды.

Осылайша, адамдардағы стресс деңгейі төмендеді, олар жұмыста аз «күйе» бастаған және жұмыс пен жеке өмір арасында тепе-теңдік орнаған. Тағы бір оң нәтиже – қызметкерлер жұмыс уақытын дұрыс жоспарлауға үйренді.

Исландия тәжірибеге өте байсалды қарағанын ескеру керек. Оған елдің 2,5 мың тұрғыны, экономикалық белсенді халықтың шамамен 1 % қатысты. Эксперимент 2015 жылдан 2019 жылға дейін созылды. Бастаманың өзін кәсіподақтар көтерді.

Толық жалақыны сақтай отырып, аптасына стандартты 40 сағаттық жұмыс уақыты 35-36 сағатқа дейін қысқартылды. Бұл әлемдегі ең үлкен осындай эксперимент болды.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты