Бір айдан кейін WhatsApp абоненттерді «ажырата» бастайды

0

2021 жылы 15 мамырда әлемдегі ең танымал мессенджер WhatsApp қолданушыларға жаңа қызмет ережелерін қабылдау немесе одан бас тарту таңдауын ұсынады. Бұл туралы «Российская газета» басылымы жазды деп хабарлайды KzNews.

WhatsApp үшін жаңа пайдалану шарттарымен келіскен қолданушылар оны бұрынғыдай қолдана береді. Жаңартылған ережелерді қабылдаудан бас тартатын қолданушылардың функционалдығы шектеулі болады.

WhatsApp мұндай пайдаланушылардың есептік жазбалары жойылмайтындығына баса назар аударады. Алайда, олар хабарламаларды оқи және жібере алмайды — мессенджер тек иесі жаңартылған шарттармен келіскенге дейін қоңыраулар мен хабарламалар қабылдау үшін жұмыс істейді. 15 мамырға дейін пайдаланушылар чаттарды Android және iPhone-ға экспорттай алады.

WhatsApp үшін жаңа пайдалану шарттары бұрынғыдан гөрі көбірек пайдаланушы деректерін Facebook-тің бас компаниясына жіберуді қарастырады. Оларды іске асырудың алғашқы әрекеті қыста жасалды, бірақ өзгерістер қолданушылар тарапынан өткір сынға ұшырады, сондықтан компания оларды кейінге қалдыруға шешім қабылдады.