Бір айда бес жекпе-жек. Қазақ боксшы кезекті қарсыласын бірінші раундта сұлатты (ВИДЕО)

0
Қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегінде жеңіске жетті, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол барлық кездесуін нокаутпен аяқтаған, алайда, оның карьерасы шытырман болып кетті. Мұның алдындағы бес жекпе-жекті де Мұсаділов 2017 жылы Мексикада бір айдың ішінде — қарашада өткізген екен. Кейін боксшы үш жыл рингке шықпады.

Осы жол қазақ боксшы АҚШ-тың Венис қаласында жұдырықтасты. Бірінші ауыр салмақта өткен жекпе-жекте Серік жергілікті Квинтелл Томпсонмен шығып, оны бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.