Бір ай бойы қытай кеспесін жеген қыз ауруханадан бір-ақ шықты

0
Бір ай бойы қытай кеспесін жеген қыз ауруханадан бір-ақ шықты


Қыз осылайша ақша үнемдемек болған.

Қытайда үш апта бойы тез пісетін кеспемен ғана қоректенген қыз ауруханаға жатқызылды. Хонд Джиа жыл сайын өтетін жаппай сатылымға ақша жинау үшін осындай «диетаға» отыруға шешім қабылдапты. Басылымның жазуынша, студент қыз небәрі 150 доллар ғана қаражат жинаған.

Алайда үнемдеген қаржысын түгел емделуге жұмсайтын болды: ауруханада жатып қаралуына 200 доллар кеткен екен. Студенттің қандай дертке шалдыққаны айтылған жоқ. Бірақ өзінің айтуынша дұрыс тамақтанбауы салдарынан денсаулығына зиян келген көрінеді.

Дереккөз: Sputnik