бір адам тергеу изоляторында қайтыс болды
Алматы қаласының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарланды
АЛМАТЫ, 29 сәуір –Sputnik. Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталған азамат тергеу абақтысында қайтыс болды, деп жазады Sputnik Қазақстан бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2020 жылдың 29 сәуірі таңғы сағат 08.00-де Алматы қаласының тергеу изоляторында қамауға алынған азамат К. сол қолының білек тұсы кесілген күйінде дәретханадан табылды. Оны камерада бірге отырғандар тапқан», — делінген ақпаратта.
Оған изолятордың медицина қызметкерлері бірден алғашқы медициналық көмек көрсеткен, алайда өмірін сақтап қала алмады.
Шақырту бойынша келген жедел жәрдем оның қайтыс болғанын тіркеді. Өлімнің алдын ала себебі көп қан жоғалту болуы мүмкін.
«К. Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынған болатын»,- делінген ақпаратта.
Тағы оқыңыз: Дүнгендер ұйымының басшысы Қордай туралы: «Мұны істеген қазақтар емес!»
Қайтыс болу дерегі бойынша Алматы қаласының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік
Жамбыл облысының Қордай ауданында 7 ақпанға қараған түні жаппай төбелес басталды. Қайғылы оқиға салдарынан он бір адам қаза болды.
Өрттің салдарынан тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар, сондай-ақ автокөліктер бүлінді.
Кейіннен 120-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатқандығы белгілі болды. 1 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
sputniknews.kz