«Бір адам тауда ауырып қалды»: Түркістан облысында тауда табылғандар мән-жайды айтты

0

Түркістан облысынан табылған туристер тауда үш күн бойы не істегендері жайлы айтты. Қазақстан ТЖМ мәліметінше, қазір жігіттердің жағдайы жақсы. 

Жігіттер 21 мамырда тауға барға шыққан.

«Біз адасып қалдық. Кейін арамызда бір адам ауырып қалды, ал біз үшеуіміз бір жерде қалдық. Қалған төртеуі одан әрі кетті. Үшеуіміз ол жерде үш күн өткіздік. Содан кейін бізді ТЖМ қызметкерлері тапты. Бізді жоғарыдан арқан түсіріп, құтқарды қалды. Баршаңызға алғыс айтамыз», — деді туристер.

Жігітер сәтті эвакуацияланды деп хабарлайды.

«Олардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес. Олардың екеуі 1999 жылы туған және біреуі — 2000 жылы. Сөздеріне сенсек, үш күн бұрын олар екі топқа бөлініп кеткен», — деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері туристерді ата-аналарына тапсырды. Қалған төрт адамды іздеу жалғасуда.

Еске салсақ, Түркістан облысында 7 турист жоғалып кетті. Ал бүгін құтқарушылары Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің тауларында жоғалып кеткен жеті адамның үшеуін тапты.