«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТОНЫҢ» дағдарысқа қарсы шаралары — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның ең ірі автомобиль холдингі автомобильдер сатып алудың қауіпсіздігі мен қолжетімділігін сақтау жөнінде бірқатар шаралар қабылданғаны туралы хабарлады. 

превью

Бүкіл Қазақстан бойынша автомобильдер өндіруді, сату мен сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы автомобильдер сатып алудың қауіпсіздігі мен қолжетімділігін сақтауға, сондай-ақ автомобильдің клиентке дейін уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар қабылдағанын хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі. 
Мұндай шаралардың бірі — Өскемендегі «АЗИЯ АВТО» зауытында екінші ауысымның іске қосылуы болды, ол бүкіл еліміз бойынша автомобильге сұраныстың жоғарылығымен байланысты. «БИПЭК АВТО» автоорталықтарының желісі Қазақстанның барлық ірі қалаларында ұсынылған, еліміздегі жаңа автомобильдердің ағымдағы нарығының 42%-ы «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» КТ үлесіне келеді. Теңге бағамының ағымдағы жағдайында тіпті наурыздың екінші он күндігінде ресми делдалдар автомобильдердің бағаларын жоғарылату жағын мәжбүрлі қайта қарастыруды бастағандықтан, валюта бағамы тұрақталғанға дейін автомобильдердің кейбір маркілерін сату тоқтатылғандықтан, көптеген клиенттер қысқа мерзімде автомобиль сатып алуға асығуда. «АЗИЯ АВТО» зауытының модельдік қатары тұрақты түрде жоғары сұранысқа ие LADA, KIA, Skoda және UAZ сияқты брендтерден ұсынылған, күрделі нарықтық жағдайда да кәсіпорын барынша бағаларды бұрынғы деңгейде ұстап тұрды. 
 

превью

(«АЗИЯ АВТО» шығарған LADA Granta – өз класындағы ең қолжетімді  автомобиль)

Екінші шара – автомобильдердің ағымдағы бағаларын қайта қарастыру шетелдік серіктестердің тарапынан жинақтау құралдары құнының жоғарылауымен байланысты. Өз қорларының, өндірістік қуаттарының, логистикалық тізбегінің, сондай-ақ сервистік және филиалдық желісінің болуы «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» КТ-на делдалдардың қатысуынсыз, бағаларды түзету мерзімін ұзартуға мүмкіндік берді.  Нәтижесінде, «БИПЭК АВТО» автоорталықтарында жаңа бағалар ағымдағы жылғы 10 сәуірден бастап енгізіледі. Онда, автомобильдің моделі мен жинақтауына байланысты валюта нарығындағы ауытқуларға байланысты құнның қосылуы 70 мың теңгеден бастап 250 мың теңгеге дейінгі соманы құрайды. Сонымен бірге компания автомобильдерге алдын ала тапсырыс беру арнайы бағдарламасының жұмысын сақтайды, соның арқасында желі клиенттерінің бағаны ағымдағы деңгейде тіркеу және  әрі қарай бағалардың жоғарылау тәуекелдерін болдырмау мүмкіндігі бар. 

Компания автомобиль сатып алу кезіндегі максималды пайданы қамтамасыз ете отырып, өзінің сатып алушылары – алдын ала төлем бағдарламаларына қатысушылардың сенімін ақтады, келісімшарттардың талаптарын толығымен орындады. Холдингтің баспасөз қызметінде мәлімдегендей, компания бұрын алған барлық жағдайларды экономикалық және эпидемиологиялық жағдайлармен байланысты қиындықтарға қарамастан, толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындайды. Сол үшін автоқұрастыру өндірісі екі ауысыммен, ал логистикалық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Үшінші қабылданған шара – автомобильдерді онлайн-сатуды іске қосу – Қазақстан автонарығы үшін алғашқы тәжірибе, ол шара COVID-19 пандемиясымен және Қазақстанның ірі қалаларында карантиннің енгізілуімен байланысты. Жаңа құралдың мақсаттары – клиенттерге ыңғайлылық және автоорталықтардың қызметкерлері мен клиенттері арасындағы тікелей байланыстарды төмендету. Онлайн-чат арқылы автоорталықтың менеджерлерімен байланыса отырып, клиенттер қолайлы автомобильді таңдай алады және төлем үшін қажетті барлық құжаттарды ала алады. Кеңес беруші жаңа автомобиль сатып алудың барлық жолында клиентке ілесіп жүреді. Бүгінгі күні онлайн-сату құралы Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында қолжетімді және салондарда автомобильдерді дәстүрлі сату да сақталады. «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» баспасөз қызметінде мәлімдегендей, қазіргі уақытта онлайн-кредит беруді енгізу мүмкіндігімен жұмыс істелуде, сондай-ақ «БИПЭК АВТО» автоорталықтарының желісі ұсынылған барлық ірі қалаларда жақын уақытта жаңа механизмді іске қосу үшін қосымша күштер бағытталған.  
 

превью

(Өскемендегі  «АЗИЯ АВТО» зауыты маркілеріне ең жоғары сұраныс бар автомобильдерді шығарады)

«Автомобиль сатып алу – біздің еліміздің қатардағы тұрғынының өміріндегі маңызды оқиға, біздің көптеген азаматтарымыз оған ұзақ уақыт дайындалады. Бүгінгі жағдайда бүкіл әлем ұшыраған әлемдік экономикадағы өзгерістерге және пандемияға байланысты сатып алушылардың жартысында осы үлкен сатып алу алдында қауіптену туындауы мүмкін. 

Клиенттерімізге көмектесу үшін біз нарықтық жағдайға сезімталдықты төмендету және денсаулыққа тәуекелдерді болдырмау үшін бірнеше шара қабылдадық. Сәуірде біздің автомобильдердің бағаларын қайта қарастыру жүргізіледі, бірақ өзгерістер минималды болады. Онда біз алдын ала тапсырыс және «БИПЭК ФИНАНС» бағдарламалары беретін мүмкіндіктерді сақтаймыз, барлық жасалған келісімшарттар бойынша біздің міндеттемелеріміз толық көлемде орындалады», – деп түсіндірді «БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ сату департаментінің директоры Ренат Мухамедов.

stan.kz