Биологиялық қарумен шабуыл: Шоқан Маратұлы коронавирустың өршуі туралы ойларымен бөлісті

0

«All давай» тобының мүшесі Шоқан Маратұлы коронавирустың күрт өсуі химиялық шабуылдың кесірінен болды деген болжамды алға тартты.

Танымал «All давай» тобының мүшесі Шоқан Маратұлы өзінің инстаграм парақшасында өткізген тікелей эфирінде, елде болып жатқан жағдайлар қасқана жоспарланған деп ойлайтынын мәлімдеді.

«Мен коронавирустың кенеттен күрт өсуі биоқарумен жасалған химиялық шабуылдың кесірінен болды деген болжамға жол беремін. Мен мұны жоққа шығармаймын, себебі сіздер жіберіп жатқан көптеген ақпараттар, факторлар бар: ауадағы химтрейлдер, белгісіз зат сеуіп, жерге жақын ұшып жүрген тікұшақтар. Ішкі істер министрлігі ол су деп ақталды. Меніңше күдікті арттыра түсетін, қисынға келмейтін жауап», — деп әнші, көптің көкейінде жүрген сұрақ оны да мазалайтынын білдірді.

«Тіпті, Билл Гейтстің өзі бомба ұстаған террористерден емес, биотеррористерден қорқу керек деп айтты. Биотерроризм мүмкін емес деп кім айтты? Білесіздер қазір Қазақстан әлемдік иерархияда экперименталды алаң ретінде ерекше орын алып тұр. Еліміз Қытайдан кейін алғаш ел болып, жасанды инттелект енгізіп, адамдарды бақылау жүйесін қолға алмақшы, ал кейіннен вакцинация жасағысы келеді. Әрине, адамдар ояна бастады, ресми БАҚ-қа сенбейді. Осындай мойынсұнбайтын адамдардың ауызын жабу үшін шынымен ауру керек, адамдар өз еріктерімен мұның бәріне көнбейді ғой. Олар «құтқаратын вакцина» үшін кезекке тұруы керек қой. Бұл ақылға қонымды. Егер олар сондай мақсатқа жеткісі келсе, жасап жатқан дүниенің бәрі ақылға сияды. Әйтпесе, біз өз еркімізбен бұған көнбейміз ғой», — деп Шоқан болып жатқан жағдайлар әлемдік деңгейде жоспарланған үлкен қастандық екенін айтып, оған сенетінін жасырған жоқ. Тіпті, елге мазақ болып, күлгіге қалудан да қорықпайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол өзі сияқты бар жағдайға күмәнмен қарап, үрейлене бастаған адамдарды «оянуларымен» құттықтады.

«Түсінесіздер ме, мен сіздерден алысқа кеткен керемет ақылды адам емеспін. Менің бір ғана ерекшелігім, мен өзімді әртіс ретінде танытып, ел арасында танымалдыққа ие болдым,  менің әндеріммен бірнеше буын өсті. Бірақ ішкі жәй-күй бойынша бір жарым қадамға алда шығармын. Сондықтан мен сіздермен басымнан өтіп жатқан жағдайлармен бөлісіп отырамын. Басында менде де қорқыныш болды. Мен бұл әлемнің жарқын емес екендігін түсіндім, бұның бәрі дұрыс емес, біз бір нәрсе істеуіміз керек. Сіздер түсіну керексіздер кенеттен ашылған ақпараттық қақпалар. Өздеріңіз ойлап көріңіздер 5G ол қауіпті ме, жоқ па? Химтрейлдер бар ма, жоқ па? Міндетті вакцинация не үшін? Халықта чиптеу, бар ма, жоқ па? Геоинженерия, ауа-райын басқару. Жаппай депопулизация немесе халық санын азайту. Сөзсіз бұл нәрселердің болуы мүмкін, ол бар», — деді Шоқан өзінің тікелей эфирінде.

Танымал әншінің бұл мәлімдемесі оның жанкүйерлерінің арасында дүрбелең енгізгені анық. Оның сөзі қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екендігіне көз жеткізу әзірге қиын, алайда әншінің бұл сөздері арзан хайп жасау мақсатында айтылмаған деп үміттенеміз.

Stan.kz