Білім министрлігі ҰБТ-ға қатысты қандай жоспар әзірленіп жатқанын хабарлады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Бұған дейін ұлтық бірыңғай тестілеуді әдеттегідей форматта маусым-шілде айларында өткізілетіні хабарланған еді

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Білім және ғылым министрлігі елде коронавирусқа байланысты жағдай ушықса, ҰБТ өткізудің жаңа жоспарына көшеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов Қазақстанда қашықтықтан оқытуды дамытуға арналған онлайн-конференция кезінде биыл тестілеу әдеттегі мерзімде өткізілетінін айтты. Министр сынаққа дейін карантин аяқталатынына үміттеніп отырғаны жеткізді.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу маусым соңы мен шілденің басында өткізіледі. Жылдағыдай форматта өткізуге дайындалып жатырмыз, әрине, бірқатар шектеу шаралары қолданылады. Алайда бұған қарамастан, біз қазір коронавирус пен карантинге байланысты қосымша жоспар да әзірлеп жатырмыз», — деді министр.



sputniknews.kz