Білім министрлігі Қытайда оқитын студенттердің мәселесін шешті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Министрлік өкілі өткен аптада студенттерге көмек көрсету үшін тиісті бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстан білім және ғылым министрлігі Қытайда оқитын студенттердің мәселесін шешті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстанда жүрген «Болашақ» халықаралық бағдарламасының студенттеріне Қытай елінің бекітілген нормативі бойынша тұруға және тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын есептеді.

Білім және ғылым министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Еркебұлан Боранбаев өткен аптада студенттерге көмек көрсету үшін тиісті бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

Шешім қабылданғаннан кейін Еркебұлан Боранбаев Қытайда білім алып жатқан халықаралық «Болашақ» бағдарламасының елдегі стипендиаттарымен кездесулер өткізіп, ережелердің білім алушылардың пайдасына қарай өзгергендігін түсіндірді.

«Шынымен де, қазір коронавирус қаупінен Қытайдан Қазақстанға келген жеті студент бар. Біз олармен тұрақты байланыстамыз, бірнеше кездесу өткіздік және министрдің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіндігін түсіндірдік», – деді Еркебұлан Боранбаев.

Оның айтуынша, жоғары оқу орнынан оқу процесін бастау немесе жалғастыру туралы ресми хабарлама алғаннан кейін оқу еліне қайтатын авиабилеттерді сатып алу жоспарлануда.

«Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда стипендия толық көлемде төленеді деген шешім бір апта бұрын қабылданды. Дүлей апаттар, әскери әрекеттер, шектемелер, эпидемия және басқа да төтенше жағдайлар еңсерілмейтін күш жағдайлары болып табылатындығын айта кеткен жөн», – деп түйіндеді департамент директоры.  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз