Білім министрі қашықтан оқытудың артықшылықтарын атады — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктерін атап айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

оқушы

Сөзінше, ол әр аптаның сенбісінде мектеп мұғалімдерімен онлайн жиналыс жасап тұрады екен. Министр осылайша қашықтан оқудың кемшіл тұстарын ұстаздардың өздерінен естіп-білетінін жеткізді. 

«Мұғалімдер оқушылардың оқу үлгерімі жайлы айтады. Жақсы оқитындардың үлгерімі нашарламаған, білімінің сапасы түспеген», -деді министр. 

Бұған қоса Аймағамбетов дәстүрлі оқыту жүйесінде ашылмай жүрген шәкірттердің онлайн білім беруде көзге түсіп жатқандарын алға тартты. 

«Қазір бірқатар оқытушылар балалардың ашыла түскенін айтуда. Онлайн форматта оқушылардың өздерінің ойын қысылмай айтып, сабаққа белсене қатысып жүргендерін байқауға болады», — деп қосы министр. 

Десек те білім министрі онлайн сабақтардың білім сапасы дәстүрлі оқыту жүйесінен әлдеқайда артта қалып қоятынын атап өтті. Сол себепті ол білім беру үрдісі мектептерде өткені дұрыс екенін айтады. 

Еске салайық, бұған дейін Аймағамбетов еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру қалай өтетіні жайлы мәлімдеме жасаған болатын. 

stan.kz