Білім министрі мектептерге әдеби кітаптарды көптеп сатып алуды тапсырды  

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Аймағамбетов білім саласының қызметкерлері үшін мектеп кітапханаларымен жұмыс істеу басты мақсаттардың бірі болуы керек екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстандық мектептерде әдеби кітаптар жеткіліксіз. Осыған байланысты білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жергілікті білім басқармаларына осы мәселені шешуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

«Біз әдебиет оқитын жас буынды қалыптастыруымыз керек дейміз. Алайда, шынын айту керек, мектептерде көркем әдебиет жеткіліксіз көлемде сатып алынады. Сондықтан көркем әдебиетті тиісті тізім бойынша сатып алу жұмысын реттеу қажет. Жергілікті білім басқармалары осы жұмысты ұйымдастырсын», — деді Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Министр білім саласының қызметкерлері үшін мектеп кітапханаларымен жұмыс істеу басты мақсаттардың бірі болуы керек екенін атап өтті.

Сонымен қатар, университеттердің кітапханаларына да ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады 

Аймағамбетовтің айтуынша, Ұлттық білім беру деректер қоры арқылы база жасалады. Қордың модулі дайын. База арқылы әрі оқулықтың кімге берілгенін, кітаптың бар-жоғын, ескіріп-ескірмегенін анықтап отыруға болады.

«Енді өңірлердегі кітапханалар осы базаны толтыруы тиіс. Биылдан бастап келген оқулықтарда QR-код болады. Сол арқылы қолмен толтырып жатпай, базаға оқулықтарға қатысты ақпараттың бәрі енгізіледі», — деді министр.

Айтуынша, бұл оқулық тапшылығы мәселесінен арылуға септігін тигізеді.



sputniknews.kz