Білім министрі: Биылғы жылғы ҰБТ тапсыратын түлектер үшін қолайлы жағдайлар жасалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Биылғы мектеп түлектеріне ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық үшін бұрын-соңды болмаған жағдайлар жасалған, деп мәлімдеді білім министрі Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz сайтының Instagram парақшасында.

Қазақстанда ҰБТ-ны электронды түрде өткізбек

ҰБТ жыл сайын маусым айының соңында — шілде айының басында өткізіледі.

«Дайындық жасауға жеткілікті уақыт бар. Маусымның соңында жағдай өзгеріп, біз ҰБТ-ны дәстүрлі форматта өткізе аламыз деп үміттеніп отырмыз. Біз балама ретінде екі нұсқаны дайындаймыз», — деді министр.

«Биылғы жылы ҰБТ тапсыратындар үшін өте қолайлы жағдайлар жасалған деп санаймын, олардың үйде отырып дайындалуына мүміндік бар, сондықтан біз оларды қорытынды емтиханнан босаттық.

Біз сайтта ҰБТ бойынша 70 тест сұрақтарын ақысыз ұсындық. Сондықтан, биылғы жылы біз балаларды ҰБТ-ға дұрыс дайындалып, қауіпсіз түрде тапсыра алатындай жағдай жасадық деп санаймын», — деді Аймағамбетов.

«Біреулер аттестат балын есептеу арқылы оқу орнына тапсыруды ұсынып жатыр. Бірақ біз оны қолдамаймыз, өйткені бұл мемлекеттік грант. Бір мектептің бағасы екінші мектепте басқаша болуы мүмкін. Біз бірыңғай тест тапсыруымыз керек », — деп түсіндірді министр.


Білім министрлігі биылғы ҰБТ жайлы өзгерістер мен қатаң ережелер туралы ескертті

stan.kz