Білім күні жан сүйсінткен фотодағы баланың кім екені белгілі болды

0
973

Балақайдың есімі – Жанасыл. Жасы төртте. Алты баланың ең кішісі.

Білім күні елге танымал болған баланың кім екенін белгілі болды. Ол Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданындағы Қараөзен ауылында тұрады екен.

Бұл туралы Facebook-те  журналист Нұрлыбек Рахманов хабарлады.

Кешегі Білім күнінің ең танымал суреті БҚО-ның Қазталов ауданындағы Қараөзен ауылында түсірілген екен.

Баланың есімі – Жанасыл. Жасы төртте. Алты баланың ең кішісі.

Ол салтанатты шараға ағасымен бірге барған екен.

«Өзі костюм киіп барғысы келді. Сөйтіп, киіндіріп алып бардық. Олай танымал болады деп ойлаған жоқпыз», — депті анасы Бақытгүл Жақыпова, – деп жазды ол.

Білім күні Жанасылдың фотосуреті елге тарап, жан сүйсіткен жақсы фото болды.