Білім күні жан сүйсінткен фотодағы баланың кім екені белгілі болды
Балақайдың есімі – Жанасыл. Жасы төртте. Алты баланың ең кішісі.
Білім күні елге танымал болған баланың кім екенін белгілі болды. Ол Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданындағы Қараөзен ауылында тұрады екен.
Бұл туралы Facebook-те журналист Нұрлыбек Рахманов хабарлады.
Кешегі Білім күнінің ең танымал суреті БҚО-ның Қазталов ауданындағы Қараөзен ауылында түсірілген екен.
Баланың есімі – Жанасыл. Жасы төртте. Алты баланың ең кішісі.
Ол салтанатты шараға ағасымен бірге барған екен.
«Өзі костюм киіп барғысы келді. Сөйтіп, киіндіріп алып бардық. Олай танымал болады деп ойлаған жоқпыз», — депті анасы Бақытгүл Жақыпова, – деп жазды ол.
Білім күні Жанасылдың фотосуреті елге тарап, жан сүйсіткен жақсы фото болды.