білім берудің жаңа мүмкіндіктері таныстырылды
«Виртуалды (VR) және толықтырылған (AR) өмір» жобасының ұйымдастырушылары қазақстандықтарға білім берудің заманауи, цифрлық технологияларын ұсынды
НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Қазақстанда болашақ мамандықтарды оқыту үшін виртуалды технологиялар пайдаланылатын колледж ашылуы мүмкін. Бұл туралы «Кибер страна» басқарма төрағасы Роман Поволоцкий айтты.
Қазақстанда «Виртуалды (VR) және толықтырылған (AR) өмір» білім беру жобасы жүзеге асып жатыр. Россотрудничествоның бұл гранттық жобасын Білім беру одағы «Россия сегодня» ХАА және «Кибер страна» ұйымымен бірлесіп іске асыруда.
Тағы оқыңыз: Он жасар оқушының Тоқаевқа хаты: білім министрлігі жауап берді
Жоба авторларының айтуынша, ол білім беру саласындағы заманауи, цифрлық технологияларды көрсетуге, балалардың цифрлық сауаттылығын дамытуға, бағдарламалаудың практикалық тәжірибесін алуға, ресейлік және қазақстандық білім беру компаниялар арасында әріптестік байланыстарды орнатуға бағытталған.
Білім берудің виртуалды мүмкіндіктері
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жақын арада кибер-кітап пен білім беру колледжі сияқты жобалар құрылады.
Кибер-кітап – бұл цифрлық оқулық. Ол балаларды бағдарламалау, дизайн және цифрлық жобаларды жобалау ортасына тарту құралы саналады.
©
Sputnik / Владислав Воднев
«Кибер страна» басқарма төрағасы Роман Поволоцкий
«Кейін бұл тестілеуден өткен балалар оқитын колледж болады. Қазір колледж орналасатын жер таңдалып жатыр. Бүгінгі күні бұл Алматы немесе Павлодар болады. Нәтижесінде, осы колледжде оқыған балалар цифрлық технологиялар саласында өз стартаптарын жасай алады», — деді басқарма төрағасы Поволоцкий Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында.
Бүкіл жоба шамамен 10 жылға есептелген. Қазір ол әзірленіп жатыр.
sputniknews.kz