«Биліктің басында әлі де елге қауіп төндіретін ағымдағылар отыр» — Айгүл Орынбек
Заңгер Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында соңғы уақытта қызу талқыланған мектепте «хиджаб кию» мәселесіне тоқталып, еліміздегі басқа дін ағым өкілдеріне байланысты ашына жазды. Заңгер әлі күнге дейін билік басында елге қауіп төндіретін ағымдағылардың отырғанын, олардың қоғам көзқарасын өзгертуге тырысып жатқанын алға тартты.
«Биліктің басында әлі де елге қауіп төндіретін ағымдағылар отыр.
Қаңды қаңтардан кейін террористерге жақын жүретін төрт аяқтылар жан жаққа таракандар сияқты қашып еді.
Крышалары “елге қайта беруге болады”, деді ме, әйтеуір көз жанарларын өзгертіп елге қайта келе бастады.
Олар сыртта қашып жүргенде жәй жүрген жоқ, іште жүрген миында тауықтың миындай миы жоқ жұлдыздарды ақшаға “хиджап” кигізе бастады.
Жәйлап қоғамның өздеріне көзқарасын өзгертті.
Яғни олар қазақты арзан әңгімеге, өсекке , әдемі өмірге,болмайтын дүниелерге құмар екенін біледі. Қазақты алдауға көнетін қараңғы халық екенін тереңнен зерттеген.
Яғни қазақ халқын құлдыратып, жоқ қылып жіберу әдіс -тәслін жақсы меңгерген.
Оларға мемлекет байлығын, қазынасын сұрайтын көзі ашық халық емес, миы улаған қараңғы, топас халық керек!
Қыркүйек келсе болды “ Хиджаб” мәселесі көтеріледі.
Біз дамыған елдер сияқты берілетін білім мен тәрбие, мектептерге бөлінетін қаржыларды, оның ішінде оқулықтардың сапасы жайлы қашан талқылаймыз?
Халқым болмайтын арзан дүниелерге, өсек- төсек әңгімелерге құмар бола бермей, елдігімізді сақтап қалатын тақырыптарға зейін салыңыздар!
Бұл Елді сақтап қалу өзіміздің қолымызда!
Ақша үшін киініп, қаншама жастардың миын улап адастырып, ақшасы біткен соң “мен адасыппын” деп шешініп білгенін істеп жүрген жұлдыздардың қоғам лайықты жазасын беріп отыратын уақыт келді!
Қоғамды оның ішінде жастарымызды адастырмай сақтап қалу өз қолымызда!
Жабық киініп, әдемі сөйлегендердің бәрі иманды емес!
Ел басына күн туғанда сол әдемі сөйлеп, сауысқандай сайрағандар бірінші елден қашатынын ұмытпайық ағайын!
Бұл жолы Білім министрі неге нақты жауап бере алмай, қоғам шулаған соң ғана пікір білдірді?
Яғни халықтың тамырын жәйлап басып көрді, қоғамның қараңғылыққа түсіп, миы уланып кетпегенін тексеріп көрді!
Біз неге соңғы уақытта Ауғаныстан елімен ынтымақтастық орнатқыш болып кеттік?
АП да адасып жүрген зомбилердің біреуі отырған соң ба?» — деп жазды Айгүл Орынбек.
фото: Facebook/ Айгүл Орынбек