Биліктегі “Нұротан” аздай, оппозициядағы “Нұротан” қалып еді енді бізге…

0

Оппозицияның лидері болып кеткен бе, анау экс-нұротандық? Партиясын ешкім ресми түрде бекіткен жоқ, халықтың қолдауы да аз. Өзі белсенсіп сонау Түркияға барып оппозицияның атынан келіссөздер жүргізіп жүр, осында “күллі оппозициялық күштердің басын қостым” деп нағыз оппозиционерлерді қалыс қалдырып, жалған мәлімдеме таратып үлгірді.

Шарасына қатысқан Рысбек Сәрсенбай ағамыз оны тіпті мойындаған жоқ. Бұл жігіттің “Тимур Құлыбаевтың командасынан” екенін айтып, сенімсіздік білдірді. Артында билік тұр ма, діншілдер тұр ма, басқасы тұр ма, оны алда көре жатармыз.

Бірақ деймін де, елдің сеніміне ие болып, оппозиция деп өзін танытуға ешқандай күш салмаған, жанкешті күрес жүргізбеген, батыл мәлімдеме жасап көрмеген адамға демократиялық күштердің атынан сөйлеп-мәлімдеме жасауға кім құқық берді? Бұл жігіт кімді алдағысы келеді? Халықты ма, өзін бе? Өзін-өзі “оппозициямын” таңбалап жүрген нендей адам? Ең құрығанда бір батыл позициясын көрдік пе?


“Нұротаннан” шыққан адамның ісі де, сөзі де неге шала болады екен, ә?! Биліктегі “Нұротан” аздай, оппозициядағы “Нұротан” қалып еді енді бізге…

Дина Елгезек, Facebook парақшасынан