Билік өкілдерінің «әйелдеріңе ие болыңдар» дегенінде не мән бар?
«Нұр Отан» партиясы өткізген бейбіт шеруде сөйлеген бұрынғы депутат Оразкүл Асанғазы «әйелдерін көшеге жіберіп қойып үйде отыратын еркектерді» сынады. Арыстағы жарылыстан кейін Шымкентте наразылыққа шыққан арыстықтарға Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдрахымов та «бірінші әйелдеріңе ие болыңдар» деген.