билік 2020 жылғы сайлауда Рахмонның баласын қолдайсың деп мәжбүрледі

0

Наурыз айының басында «Тәжікстан билігі ұрлап, азаптады» деп мәлімдеген белгілі тәжік оппозиционері Шарофиддин Гадоев Тәжікстан билігінің 2020 жылға белгіленген президент сайлауында президент Эмомали Рахмонның ұлын қолдайсың деп қысым жасағанын да айтады.

Тәжікстанда тыйым салынған «24 тобы» оппозициялық қозғалысының мүшесі Шарофиддин Гадоев бұл мәлімдемесін Амстердамда Азаттық тілшісіне берген сұхбатында айтқан.

Ресейде ұсталып, Тәжікстанға депортацияланған белсендінің Еуропаға кетуіне Тәжікстан билігі құқық қорғаушылар араласқаннан кейін рұқсат еткен. Бұған дейін Нидерланды оған босқын мәртебесін берген.

«Олар мені Тәжікстанға келіп, кейінірек президент Рахмон мен оның [оның ұлы] Рустам Эмомалидің саясатын қолдаған «24 тобының» 17 мүшесіне жетекші еткісі келді. Олар Рустам Эмомали 2020 жылғы сайлауға қатысады және сіз оны қолдайсыз деді» дейді белсенді. Гадоев мұндай нұсқаулықтың мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимовтан келгенін айтты.

Эмомали Рахмон Тәжікстанды 1992 жылдан бері басқарып келеді. Құқық қорғаушылар оның елдегі пікір алуандығын жойып, саяси оппоненттерін қудағалағаны үшін сынайды. Елдегі көп азаматтар оның 31 жастағы ұлы Рустам Эмомалиді мұрагер ретінде атайды. Ол 29 жасында Душанбе мэрі болып тағайындалған.

Азаттық