«Білгенін істеп жүр»: Боксшы Балауса Мұздиман Елена Рыбакина туралы

0

Боксшы Балауса Мұздиман Францияның Париж қаласында өткен Олимпиадаға қатысудан бас тартқан теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваға қатысты ойын айтты, деп хабарлады Ulyssport.kz. 

Балауса Мұздиман Instagram желісіндегі Stories-те теннисшлерді төрт жылда бір айналып келетін дүрмекті додада ел намысы үшін жарысқа қатысқысы келмегені үшін сынға алды.

«КІНДІК ҚАНЫ ТАМҒАН ЖЕРГЕ БҮЙРЕГІ БҰРЫП ТҰР ҒОЙ»

Легионер болған соң білгенін жасап жатыр. Қазақстанда туып өссе, қай ұлт болсын кіндік қаны тамған жерге бүйрегі бұрып тұрады ғой, — деді  боксшы қыз.

Еске салсақ, Рыбакина мен Путинцева шілдеде Олимпиадаға қатысудан бас тартқан еді. Рыбакина денсаулығына байланысты жарысқа шыға алмаймын десе, Путинцева аяқ астынан жарақат алдым деп Олипиадаға қатысқысы келмеді. Содан кейін екеуі араға аз уақыт салып АҚШ-тың Цинцинатти қаласына барып, WTA 1000 турниріне тіркелді. Осы жарыста Рыбакина әлемнің 27-ракеткасы, канадалық, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі Лейла Фернандестен жеңіліп, жарыстың үшінші айналымына шыға алмады. Ал Юлия Путинцева әлемнің 2-ракеткасы америкалық Кори Гауфты жеңіп, сенсация жасады.