БҒМ: Қазақстандағы жоғары оқу орындары 2021 жылдан бастап жеке үлгідегі диплом бере бастайды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының мемлекеттік үлгідегі емес, жеке үлгідегі (әскери және арнайы оқу орындарын қоспағанда) диплом беруі туралы норма күшіне енетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

диплом

Бұл туралы Білім және Ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Министрдің айтуынша, бұл жағдай жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттырып, ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына қатысты жауапкершіліктің өсуін қамтамасыз етпек. Бұған қоса Аймағамбетов енді жұмыс берушілер дипломға емес, түлектің құзыреттеріне көбірек көңіл бөледі айтып кетті.  Жұмысқа орналастыру кезінде жоғары оқу орнының беделі мен имиджі басты рөл атқаратын болады.

«Студенттер мен олардың ата-аналарын ЖОО таңдауда мұқият болуға шақырамыз. Сонымен қатар, келесі аспектілерге назар аударуды ұсыну қажет: — әлемнің үздік жоғары оқу орындары рейтингісінде ЖОО-ның позициясы — QS және «Атамекен» ҰКП рейтингісінде білім беру бағдарламалары; — ЖОО мәртебесі мен академиялық беделі; — ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы», — деді Асхат Аймағамбетов.

Білім беру қызметтерін бағалауға әсер ететін әрі еңбек нарығы ұсынып отырған негізгі факторларға — ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы және олардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуы, ЖОО-ның аккредиттеуден өтуі, білім беру бағдарламаларының өзектілігі және т.б.

Заңнамаға сәйкес студенттерге қысқы және жазғы каникул кезінде бір ЖОО-дан екіншісіне ауысу мүмкіндігі берілгендігін айта кеткен жөн.

Бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарында білім беру саласындағы заңнаманың сақталуына тексеру жұмыстарын жүргізуде. Заңнама талаптарының бұзылуы және сапасыз білім беру қызметтерін ұсыну фактілері анықталған жағдайда жоғары оқу орындарын лицензиядан айыру немесе тоқтата тұру бойынша шаралар қабылданады

stan.kz