Беттен ұрма, родной: Алматыда ер адам жас баланы аяусыз сабаған
Бұл оқиға Алматы қаласында орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кешелі бері әлеуметтік желіні шарлап, халықтың ызасын туғызған видеодағы тұлғалар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.
«Оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде. Толық мән-жайы анықталуда», — делінген Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Нақты қай кодекстің қандай бабы бойынша тексеру жүріп жатқаны белгісіз. Таралып жатқан видеода ересек азаматтың жас баланы бір бөлмеде ұрып жатқанын көруге болады.
Жәбір көрсетушінің жеткіншекке “Брат, мен каратэ-пацанмын” – деп айттың ғой” дегенінен сөзге өкпелеп қалғандай ой туады. Ал видеоға түсіріп тұрған азамат “Беттен ұрма, родной” деп басу айтқан сыңай танытады.
Әлеуметтік желі қолданушылары жәбір көрсетушілерді жазалауды талап етіп отыр.