«Бетінен кесіп, құдай мүсініне қанын шашқан»: Құрбандыққа шалына жаздаған әйел құтқарылып, тірі қалды

0

АҚШ-та полиция қызметкерлері құрбандыққа шалына жаздаған әйелді құтқарып қалды. Бұл туралы Kznews.kzақпарат агенттігі USA Today порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мексикалық есірткі картельдерінің бірінің мүшесі Хавьер Санчес Мендоза көптеген жылдар бойы АҚШ-қа Мексикадан заңсыз адам саудасымен айналысқан.

2019 жылы оның қолынан құлдыққа өткен адамдардың арасында оған бір әйел ұнап қалады. Мендоза оны жеке құлы етіп жанында қалдырады. Алайда әйел құтқару қызметіне қоңырау шалып, содан кейін қашып үлгерді.

Бұдан соң Мендоза темір тордың артында екі ай қамалды. Осы уақыт ішінде әйел Брунсвик қаласына көшіп, балабақшаға жұмысқа орналасады.

Алайда, Мендоза қамаудан шыққан соң оны іздеп, балалар ойнайтын алаңнан ұрлап әкетеді. Ол әйелді зиратқа әкеліп, тамағын кесуге тырысқан. Алайда әйел оның қолындағы пышақты қағып түсіреді. Мендоза бұдан соң әйелді өзінің тіркемесі орналасқан Джесап қаласына апаруды жоспарлайды. Онда ол есірткі сатушылар өздерінің қамқоршысы деп санайтын өлім құдайы Санта-Муертаға барып әйелді құрбандыққа шалуды ойлаған.

Осылайша қалаға келген соң ол шам жағып, әйелдің бетінен кесіп, алкоголь мен жүзімі бар үстелдегі Санта-Муэрте мүсіншесіне қан шашады. Сондай-ақ әйелдің аты-жөні мен туған күні жазылған қағаз парағын және оның фотосуретін қатар қойған.

Осы уақыт ішінде ұрланғаны туралы хабарлама алған құқық қорғау органдары әйелдің телефон арқылы орналасқан жерін бақылап отырған. Екі полиция қызметкері Ронни Купер мен Джереми Стагнер Джесапқа еріп, баспанадан Мендозаның орнын қадағалады. Олар арнайы жасақ шақыртқан. Алайда олардың келуін күтпей ұрланған адамның өмірі қауіпте екенін түсінген. Мендоза сыртқа шығып, телефон шалмақ езінде полицейлер оның артынан секіріп, ұстады.

Кейіннен Мендоза қатаң режимдегі түрмеде 30 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға құқығы жоқ.