Бетінде «Бэтменнің маскасымен» туған сәбидің анасы видео жариялады

0
70

Луна Феннер үлкен меңмен туған. Диагнозы – меланоцитарлық невус. Бұл қазір аса қауіпті емес. Алайда уақыт өте келе меланомаға айналуы мүмкін. Ол – рактың бір түрі

Сәби Бэтменнің масқасына ұқсас меңмен туған. АҚШ-та Лунаға сексен ота жасау керек екені айтылған. Олардың жалпы құны шамамен жарты миллион доллар. Ресейлік онкологтар сегіз операция жеткілікті деп отыр. Олар Лунаның анасына өздері хабарласқан.

Тағы оқыңыз: Қаршадай қыз көздің жауын алатын татуировка салады – видео

Әлем Луна туралы интернеттен білді. Оның анасы инстаграм әлеуметтік желісінде аккаунт ашып, қызының сырқаты туралы жазған. Ол Лунаның диагнозы туралы толық ақпарат берді.

Өйткені оның жағдайы ерекше. Сәбилер мұндай меңмен өте сирек туады.

Луна қыркүйек айында Ресейдің Краснодар өңіріне келді. Қызға бірнеше ота жасалды. Алғашқы нәтиже бар. Толығырақ видеодан көріңіз,



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз