Беташарда шалқайып ақша салған Әбдіжаппар Әлқожа сынға қалды

0

Отандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа беташарда ақшаны тағы да ерекше тастамақшы болып, көпшіліктен сөгіс естіді.

Желідегілердің ойынша, өнер иесі ұлттық салт-дәстүрге мүлдем сыйластық танытпайды деп жазады.

Әбдіжаппар Әлқожа Instagram парақшасында кезекті беташарда ақшаны қалай тастағанын көрсетіп, ел ашуын тудырды. Көпшілік өнер иесінің қылығына шүйлігіп шықты.

Бейнежазбада әншінің ақшаны тастар алдында елдің көзінше мостик жасағаны көрініс тапты. Оның үстіне шоу-бизнес жұлдызының видео астына қалдырған жазбасы да халыққа жақпай қалған.

«Өзіміздің той болғасын өзіміз білдік не істеуді. Нұржан Аташ отызға келіп орда бұзғасын оңай емес. Той құтты болсын. Нұрболат Абдуллин мені шешіндіргісі келеді ме? Серік Ибрагимов не істерін білмей тұр ма? Әзімбек Байлин дұрыс айтады ма? Мостик қалай?», — деп жазды ол. Олар әнші осымен екінші рет беташар кезінде ерсі әрекетке бой алдырғанын жарыса айтуда.