«Бесінші бала өзіме деп ойлаймын» Төреғали Төреәлі баласын көрсетті
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлі желіде келіншегі және кішкентай сәбиімен түскен фотосын бөлісіп, елді сүйсіндірді. Өнер иесінің кенже баласына деген ықыласы бөлек екен. Ол төрт перзентін де ата-анасына берсе, бесіншісі жеке өзінің ғана баласы екенін айтты деп жазады kznews.kz тілшісі. Төреғали Төреәлі ерекше отбасылық суретін Instagram парақшасында жариялап қойған. Фотода ерлі-зайыптылардың бесінші перзентімен тұрғандарын көруге болады. Эстрада жұлдызы өзі қатты балажан екенін айтты. Ол баласын тіпті әйеліне де бере алмайды екен. «Балажанмын, білмеймін неге ондаймын?! Баламды Толқынға да бере алмаймын. Бақыт баспалдағымен, бала саны жоғарылаған сайын жоғарылаймын. Ұл-қызымды менен де қатты сүйген осы күн ата-анамды көп ойлаймын. Бала қанша болғанымен бауыр етім ата-әженің мейірімін жеңе алмаймын. Екеуіне бердік қой төрт баланы осы бала өзіме деп ойлаймын», — деп жазды әнші. Желі қолданушылары жұлдызды жұптың фотосына тәнті болып, оларға деген жылы лебіздерін жаудырды. Қалың көпшілік оларға тағы да балалы болуды тіледі.