Бесінші ақпанға арналған жұлдыз жорамал — новости Казахстана

0

Бүгін армандарыңызды нақтылап, жоспар құрсаңыз, тағдырыңызды өзгертесіз. Білім алу үшін қолайлы күн. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ бесінші ақпанға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

Бесінші ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Көрнекі фото.Fakty.ua

1.Тоқты

Жұмыс істеу үшін қолайлы күн. Сымбатыңыз айналадағы адамдармен жылы қарым-қатынас орнатуға көмектессе, ішкі жинақылығыңыз басшылық пен отбасының алдында беделіңізді өсіруге көмектеседі.

2. Торпақ

Сіз үшін біраз қолайсыз күн. Арандатушылардың жетегіне түспеңіз. Қаржылық мәселелерді шешуді кейінке қалдырған жөн.

3. Егіздер

Сезімдеріңізді қолға алған дұрыс. Ренжісіп жүрген туыстармен татуласқан дұрыс болады.

4. Шаян

Шығармашылық үшін жақсы күн. Жаңа табыс көздері пайда болуы мүмкін. Ерекше шешімдерден қорықпаңыз. Түйсігіңізге құлақ асыңыз, бірақ нақты есеп туралы да ұмытпаңыз.

5. Арыстан

Қаржыңызды бақылауда ұстаңыз, себебі болашақта күтпеген шығындар пайда болады. Алдын ала дайындалып алған жөн.

6. Бикеш

Жағдайды дұрыс бағалап, бос қиялға салынбау керек. Қаржы істерінде белсенділік танытпаңыз. Жанжалға араласпай, достарыңыз бен жақындарыңызға пікіріңіздің дұрыстығын дәлелдеуге ырыспаңыз.

7. Таразы

Құзырлы қызмет орындары мен шенеуніктердің көмегіне жүгіну үшін қолайлы күн. Күшіңіз біртіндеп артып келеді. Жұмыстан ләззат алатын боласыз. Неке қиюға, іскерлік келісімдер жасау үшін жақсы күн.

8. Сарышаян

Төзімділігіңіз сыңға түседі. Басқадан көмек күтпеңіз, күшіңіз бен түйсігіңізге сенім артыңыз. Өзгелермен қарым-қатынас жасағанда мейірімді болыңыз.

9. Мерген

Өткенді ойлап, уайымдаудың қажеті жоқ. Одан да болашаққа жоспар құрыңыз. Өмірге деген құлшынысыңызды арттырыңыз.

10. Тауешкі

Жаңа бастамалар үшін қолайлы күн. Ескі қарым-қатынасты нығайтуға, достарыңызға көмектесуден бас тартпаңыз. Тосыннан келген хабар барлық доспарларыңызды өзгертуі мүмкін.

11. Суқұйғыш

Бүгінгі күнді әңгімелесуге, кездесулерге және шығармашылыққа арнаңыз. Бар күшіңді сарп етсеңіз де, істің бәрін аяқтайсыз.

12. Балықтар

Бүгін әдеттегіден тез шаршайсыз, сондықтан міндеттеріңіздің бір жартысын әріптестеріңізге табыстаңыз. Күннің екінші жартысын демалуға арнап, біраз оқшауланыңыз. Көңіл-күйіңізді көтеретін істермен айналысыңыз.

Дереккөз: kaz.nur.kz