Бесбаевтың әйелімен жұлқына билеген Әбдіжаппар Әлқожа сынға қалды (видео)

0
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа өнердегі ағасы Мейрамбек Бесбаевтың әйелімен билегені үшін елден сөз естіді.
Қалың көпшілік өнер иесінің әрекетін аса ерсі санап, оны сынға алған, деп жазады kznews.kz сайты nur.kz порталына сілтеме жасап.
Әбдіжаппар Әлқожа аталмыш видеоны Instagram парақшасында бөліскен. Онда әртістің Бесбаевтың келіншегінің алдында жұлқына билеп жатқанын көруге болады. Мархабат оның бұл қылығына таңғалып, не істерін білмей қалған.
«Жеңгеммен бір ретсіз биледім», — деп жазып қойды әнші.
Алайда артынан өнер иесі бұл қателігін жойып, жеңгесімен дұрыстап билеген.