бес баласынан айырылған ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғала ма

0

«Времянкадан» шыққан өртке пеш себеп болған

АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов алапат өрттен кейін бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қасымов өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

«Сараптама жүргізу керек. Өрттің шығуына пеш себеп болған», — деді министр үкімет кулуарында.

Сондай-ақ, өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін марқұм қыздардың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғала ма деген сауалға да жауап берді. 

«Менің ойымша, бұл іс қозғайтындай жағдай емес», — деді Қасымов.

Еске сала кетсек, ақпанның үшінен төртіне қараған түні Астанадағы Көктал-1 тұрғын үй алабында «времянка» өртеніп, бес бала көз жұмды. Қаза болғандардың барлығы – қыз. Балалардың ата-анасы түнгі уақытта жұмыста болған.

Министр Әбілқасымова бес баласынан айырылған ата-анаға барып көңіл айтты

Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев марқұм балалардың ата-анасына көңіл айтып, әкімдерге тиісті тапсырмалар берді.

Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, 3 бала зардап шекті


Дереккөз: https://sputniknews.kz/