Бес баланың ажалы жайлы Зағипа Балиева: Сөз табу мүмкін емес — новости Казахстана

0

Депутат бұрынғы балалар омбудсмені Зағипа Балиева Астанадағы өрт кезінде бес бірдей баласын жоғалтқан отбасыға көңіл айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Зағипа Балиева. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Зағипа Балиева. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Депутат бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазған.

«Отбасы сезініп отырған қайғыны жеткізу үшін сөз табу мүмкін емес. Ата-аналар өз балаларын жерлеуі тиіс емес. Бұл қорқынышты. Мен қыздардың ата-анасына мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», — делінген жазбада.

Еске сала кетсек, елді есеңгіреткен қайғылы оқиға 4 ақпан күні түнде Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болған.

Жекеменшік үйден өрт шығып, салдарынан 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес бала көз жұмған еді. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.

Бүгін марқұм қыз балаларды қалың ел ақтық сапарға шығарып салды.

Бүгін мемлекет басшысы да қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтқан болатын.

Дереккөз: kaz.nur.kz