Бес айда 10 мыңға жуық адам Қазақстаннан көшіп кетті

0
154

Ресми ақпаратқа сәйкес, бес ай ішінде Қазақстанға 3 662 адам келді, елден кеткендер саны 9 862 адамды құрады. Осылайша көші-қон сальдосы – 6 200 адам.

Көп жағдайда азаматтардың келіп-кетуі ТМД елдері арасында жүріп жатыр.ТМД елдерінен келгендер жалпы мигрант санының 84,3%-ін, көшіп кеткендер 82,1%-ін құрады.

Оқи отырыңыз: Түрікменстаннан жүздеген қандас пойызбен көшіп келді: оларды музыкамен қарсы алды

Сонымен қатар республика ішінде көшіп-қонушылар саны 23,5%-ке ұлғайды.

Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көп қоныс аударатын 4 өңір анықталды. Оның ішінде Алматы қаласындағы көшіп келу мен көшіп кету арасындағы айырмашылық – 11 647 адам, Нұр-Сұлтанда 8 920 адам, Шымкентте 7 342 адам және Маңғыстау облысында 327 адамды құрады.

Айта кетейік, Қазақстанда 2021 жылдың қаңтар-мамыр аралығында республика халқының табиғи өсімі 2020 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 4,4%-ке ұлғайды және 111,5 мың адамды құрады.