Home Жаңалықтар Бес ай ішінде 38 келі тастаған бойжеткен қалай арықтап, демікпеден құтылғанын айтып...

Бес ай ішінде 38 келі тастаған бойжеткен қалай арықтап, демікпеден құтылғанын айтып берді – Қазақстан жаңалықтары

0
792

Айгерім Мұсаева — аз ғана уақыттың ішінде артық салмағынан айырылып, көптеген қазақстандықтарға үлгі көрсете білген Қарағандының тұрғыны. 25 жастағы ару жоғарғы оқу орнында заңгер мамандығына оқығанымен, қазіргі таңда тұрып жатқан қаласында визажист болып жұмыс істейді. Ол Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне бес айдың ішінде қалай арықтағанын, демікпеден қалай құтылғанын айтып берді.

 5 айдың ішінде 38 келі тастаған бойжеткен арықтаудың арқасында демікпеден құтылғанын айтып берді Мұсаеваның айтуы бойынша, ол өзінің артық салмағына ешқашан проблема ретінде қарамаған. Жақындары да, туыстары да біріншіден оның дене бітімі, сыртқы келбетіне емес, жан дүниесіне қараған екен. Сондықтан да Айгерім Мұсаева өзінің салмағынан еш қысылмаған. Бірақ жиырма төрт жасқа келіп, күндердің бір күнінде таразыға тұрып, өз салмағын көріп, таңғалған екен. Болашақта ол тамақтану туралы ғылымды, яғни нутрициологияны зерттеп, сол саланың білікті маманы атануды жоспарлап отыр.

– Мен өзімнің артық салмағыма проблема ретінде қараған емеспін. Артық салмағымды өзімнің бойымның айырылмас бөлшегі санайтынмын. Бірақ әркімнің ағзасы әртүрлі ғой. Кішкентай бала болғанда артық салмағыңның бар не жоғын білмейсің. Сәйкесінше айналадағы адамдарда да күдік болмайды. «Бала өскенде артық салмағынан арылып кетеді» деген оймен оған мән бермейді. Шынымен де, толық балалар жасөспірімдік кезеңде өзгереді, ағзаларында өзрістер орнап, олар арықтап кетеді.

Жиырма төрт жасыма дейін салмақ туралы ойланбауды дұрыс санаған шығармын. Жиырма төртке келгенде ғана оның расында проблема екенін түсініп, артық салмағыммен күресе бастадым. Артық салмақтан құтылып қана қоймай, бұл проблеманы қалай шешу керектігін түсіндім.

– Отыз сегіз келі тастамай тұрып, салмағыңыз 98 келіні құрады. Артық салмақтан қалай құтылдыңыз? 

– Дұрыстап тамақтануды қолға алдым. Аштықпен өзімді қинамадым, диета ұстаған жоқпын, дәрілерді ішпедім. Арықтау, салмақ тастау жайлы мүлдем ойланбайтынмын. Адам дұрыстап тамақтана бастағанда ғана денсаулығына еш зиянын келтірмей артық салмағынан айырылады. Бұл жүз пайызға дәлелденген тәсіл.

Белгілі блогер Әлия Байтұғаеваның Instagram желісіндегі парақшасынан, сторизден марафонның жарнамасын көрдім. Марафонға қатысып, бес айдың ішінде отыз сегіз килограм тастадым. Мәзірге майы жоқ азық-түліктер кірді. Шоколад та болды. Бірақ мәзір 1300-1500 калорийдың мөлшерімен жасалған деп дөп басып айта алмаймын. Себебі, бала емізетін аналарға, әйелдерге, ер адамдарға арналған мәзірлер, әр адамның талғамы мен ерекшелігіне байланысты дайындалған мәзірлер болды.

Әр күн сайын түрлі тамақтарды жедім. Жүз елу грам сүзбе, елу грам жаңғақ, алма жеп, шай немесе кофе іштім. Таңғы алтыда тұрып, тоғызға дейін таңғы асымды ішіп үлгердім, сосын далаға шығып, Алматы тауының ауасын жұтып, серуендеп қайтатынмын. Түсте түскі асымды пісіріп, оны бір жарымға дейін ішетінмін. Қайтадан серуендейтінмін. Әдетте тамақтанғанымнан бір жарым сағат өткен соң, жаттығу жасайтынмын.

Күніне кем дегенде жаяу жүріп, он мың қадам жасауға тырыстым. Сонымен қатар, үйде белгілі бір жаттығуларды жасадым. Осылай күн өткен сайын салмақ тастай бердім. Фитнес клубқа барып, кәсіби түрде жаттықтырушымен бірге жаттықтым. Бірақ, дұрыс тамақтанбай құр жаттыға бергеннен түк шықпайды. Мысалы адам бір жағынан жаттығып, екінші жағынан торт жеп жүрсе, көздеген мақсатына жете алмайды.

Адамдар маған қарап «фитнес клубқа барған соң, дене бітімі осындай деп ойлайды. Бірақ дұрыс тамақтануға көшпегенімде, құр жаттыққанымнан ешнәрсе шықпайтын еді. Тамақтану тәртібін өзгерткен соң, сәйкесінше денсаулығыма қатысты көптеген проблемалардан құтылдым. Өзім жаяу жүргеннен кейін демікпенің қалай пайда болғанын білмей қалдым. Салмақ тастағаннан кейін одан құтылдым. Қазір соңғы рет қашан деміккенім есімде жоқ.

Арықтау кезінде ең бастысы — мақсат пен ықылас. Күн сайын өзіңізге мынадай тортты, тамақтану рационымда тыйым салған тағамды жемеймін деп уәде бересіз. Әр күн сайын өзіңізге мақсат қойып отырсаңыз, бірнеше күндерден кейін белгілі бір салмақты тастайсыз. Сондықтан тәртіп болу керек. Тамақтану, тәртіп барлығы кесте бойынша жүріп отырғанда ғана, үдеріс пайда болады.

– Қандай тамақтардан мүлдем бас тарттыңыз? 

– Арықтай бастаған соң, азық-түліктер, тағамдар, өзім жеп жүрген тамақтар жайлы өте көп кітап оқыдым. Алған білімім мен жүргізген зерттеуім маған қатты көмектесті. Қазір мен газдалған судың құрамында ағзаға қажетсіз қаншама заттың бар екенін білгеннен кейін, одан бас тарттым.

Азық-түліктердің құрамында қанша көмірсу, қанша май, қанша калория бар екенін шамамен түсінемін. Кейбір тамақтардың қоқыс екенін білдім. Кез-келген тамақты жей беруге болмайды. Қазір фри қартобын, фастфудты мүлдем жегім келмейді.

Адамға тамақтар жайлы арнайы білімді беру керек және ол сол білімді алуға талпынуы тиіс. Интернетте жағымсыз қасиеттерді жеңуді үйрететін кітаптар көп. Жалпы, арықтау дегеннің өзінің мағынасы көп қой. Әр адам ненің пайдалы, ненің пайдасыз екенін өзі үшін анықтап ізденуі тиіс, дәрігердің тексеруінен өтуі қажет. Құдайға шүкір менің денсаулығым жақсы. Демікпе сынды проблемадан құтылды. Бірақ метоболизмім әлсіз. Толықтығымның себебі де осында жатыр. Мен жеген көп тамақты асқазаным қорытып үлгермейтін.

stan.kz