Берлинде Н. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсауы кесілді

0

Тұсаукесер рәсімі «Қазақстан: болашаққа ұмтылған ел» ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында Гумбольдт атындағы Берлин  Университетінде ұйымдастырылды (Берлин, Германия).

Іс-шараға ҚР ГФР Төтенше және Өкілетті елшісі Болат Нүсіпов, Гумбольдт атындағы Берлин Университетінің вице-президенті, профессор Петер Френш, ГФР Үкіметінің Ресей, Орталық Азия елдерімен және «Шығыс серіктестік» қоғамаралық ынтымақтастық бойынша уәкілетті Дирк Визе, ГФР СІМ Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша уәкілетті Михаэль Зиберт, Герман Бундестагының «Германия – Орталық Азия» парламенттік тобының төрағасы, Бундестагтағы ХДО/ХӘО фракциясы төралқасының мүшесі Манфред Грунд, бұрынғы мемлекеттік министр  Гернот Эрлер, ГФР экономика және технологияның бұрынғы Федералды министрі Михаель Глос, Қазақстан-Герман достық қоғамының төрағасы, Бундестаг депутаты Карин Штренц, Бундестаг депутаттары Андре Хахн және Армин-Паулюс Хампель, «Schneider Group» компаниялар тобының Бас директоры және құрылтайшысы, Шығыс комитеті еуразиялық тобының жетекшісі Ульф Шнайдер, ГФР министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.

Тұсаукесер барысында ҚР ГФР Төтенше және Өкілетті елшісі Болат Нүсіпов «Президенттің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы халықаралық тілдерге аударылып, Мәскеу, Санкт-Петербург, Лондон және Баку қалаларында тұсауы кесілді. Бүгін Тұңғыш Президент Қорының арқасында бізде Берлинде өтіп жатыр.

Бұл іс-шара желтоқсанда атап өтілетін Қазақстанның үлкен мерекелері – Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күндері қарсаңында өткізіліп отыр. Мерекелердің бір-біріне жақын тұруы заңдылық, себебі олардың арасында терең ажырамас байланыс бар», — деп атап өтті.

Қазақстан Президентінің жаңа кітабы әр оқырманға өзінше түсінік береді. Оның бірегейлігі – кең ауқымды аудиторияға арналған.

«Тәуелсіздік дәуірі» төрт бөлімнен тұрады, ол тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы барысындағы тарихи кезеңдер туралы баяндайды. Онда Қазақстан жаңғыруының үш толқыны және табыстары сипатталған. Оқиғаға тікелей қатысушы ретінде, Президент Қазақстанның өткен күрделі жолдары туралы өз көзқарасын білдіреді.

Соның ішінде 2000-2010 жылдардағы кезең аралығында 1997 жылы Мемлекет басшысы қабылдаған «Қазақстан — 2030» стратегиясын іске асыру қадамдары қамтылған.  

Кітаптың соңғы бөлімі 2010 жылдардағы кезең аралығына арналады. Ол кезде Қазақстан жеткен жетістіктерімен шектелмей, жаңа амбициялық «Қазақстан — 2050» стратегиясын орындауға кіріседі.

Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы қазақстандық  оқырманға 2017 жылғы желтоқсанда жол тартты.

Айта кету керек, Тұңғыш Президент Қорының қызметі адами капиталды дамытуға арналған жобаларды іске асыруға, дарынды жастардың бастамалары мен шығармашылық потенциалын қолдауға бағытталған.

Бұл тұрғыда «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының стратегиялық жолдау ретінде өскелең ұрпаққа арналғандығы аса маңызды.

Сондай-ақ, Елбасы еңбегінің тұсаукесері аясында Тұңғыш Президент Қоры дайындаған Астананың 20 жылдығына арналған «Астана – Ұлы даланың жауһары» атты фотокөрмесі ұйымдастырылды. Онда Астананың бірегей ғимараттары бейнеленген 40 сурет қойылды.