Берік Уәли президенттің жолдауына қатысты ақпарат таратты

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы  барлық телеарнада тікелей эфирде көрсетіледі

Қазақстан президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Ертең, яғни, 1 қыркүйек күні сағат 11:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды. Жолдауды барлық республикалық телеарна тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады», — деп жазды Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын. Отырыс 1 қыркүйекте сағат 11-де өтеді. Сол жерде президенттің жыл сайынғы халыққа жолдауы жарияланады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа экономикалық бағытты әзірлеу жұмыстары жүріп жатқанын айтқан еді. Ол алдағы жолдаудың негізгі бөлігін құрайды, деді президент.