Берік Уәли: Менде Президентке тікелей телефон шалуға мүмкіндік бар
Тілші Ботагөз Айтжанова Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлимен кездесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен жұмыс істеу қандай екенін білді, деп хабарлайды kznews.kz сайты tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы сұхбат барысында Pfizer вакцинасын жеткізу, Кабулдағы қазақстандық дипломаттар, Тоқаев пен Путин Мәскеуде не туралы сөйлескені және президенттің Twitter-парақшасын кім жүргізетіні туралы бірқатар сұрақтарға жауап берді.
«2019 жыл мен Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасының басшысымын. Дәл сол күні елордада іссапармен жүрген едім. 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының алдында ант берді. Оны тікелей эфирден көрдік. Сол күні іле-шала маған Президент Әкімшілігінен хабарласып, Ақордаға мүмкіндігінше тезірек келуімді сұрады. Президент Әкімшілігінің сол кездегі басшысы Әсет Исекешев бүгін Мемлекет басшысы мені қабылдайтынын айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлымен қысқа ғана сөйлестік», — деп Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне келу жолын баяндады.
Сонымен бірге Мемлекет басшысының бірден Түркістан қаласына алғашқы жұмыс сапарына дайындалу керек екенін айтып, қызметіне табыс тілегенін жеткізді.
«Әрине. Ондай мүмкіндік бар. Бұл жөнінде бұрын да айтқанмын. Тәуліктің қай мезгілі екеніне қарамастан, Президент менің барлық қоңырауыма жауап қатады» — деді Берік Уәли.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының ауызша да, жазбаша да тікелей тапсырма беретінін, көбіне смартфон арқылы тапсырма алатынын айтты.