«Бері кел» Назарбаев Смайыловқа бола барлық министрді орындарынан жылжытты

0
Саясат

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Президентке қаржы министрінің шетте отырғаны ұнамай қалды

АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық министрді орындарынан ығыстырып, қаржы министрі Әлихан Смайыловқа орын тауып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаевқа қаржы министрінің шетте отырғаны ұнамады. Президент барлық министрді орындарынан ығыстырып, Әлихан Смайыловқа орын тауып берді. 

«Қаржы министрі ең шетте отырмауы керек. Оның орны – вице-премьерден кейін. Қаржы министрі әдетте премьер-министрдің орынбасары. Оны қайда отырғызғаныңды қарашы (үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа қарап). Хаттаманы кім толтырады? Орныңнан тұр да, бері кел. Қожамжаровтан бастап барлығың бір орынға жылжыңдар. Міне, оның орны. Біздің осындай қарым-қатынасымыздан, қаржы жағы ақсап тұр», — деді Назарбаев зал отырғандарға.

Айта кетсек, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, осы жылға міндеттер айқындалды.

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр


Дереккөз: https://sputniknews.kz/