Берешегі бар қазақстандықтар үшін салық амнистиясы жүргізіледі
Қысқа сілтеме алу
Бүгінгі таңда 1,3 миллион жеке тұлға бюджетке 17 миллиард теңге қарыз
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев салық қарызы бар жеке тұлғалар үшін рақымшылық жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президенттің айтуынша, бүгінгі таңда 1,3 миллион жеке тұлғаның бюджет алдында көлік, мүлік және жер салығы бойынша берешегі бар.
«Бұл 17 миллиард теңгеден астам, оның 5 миллиард теңгесі қарыздың үстінен есептелген өсімпұл. Мен бұған дейін де айтып, үкіметке негізгі салықты төлейтін болса, онда осы өсімпұлды кешіретін салық рақымшылығын жүргізуді тапсырғанмын», — деді мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Айта кетсек, бұған дейін президент шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін салық амнистиясын жариялауды тапсырған еді. Егер олар осы жылдың 31 желтоқсанына дейін негізгі борышты өтесе, онда өсімпұл мен айыппұлдары кешіріледі.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/