«Береке қашты»: Дуаның кесірінен шаңырағы шайқалған азамат мұңын шақты — новости Казахстана

0

Ата-анасының шаңырағына жасалған қара ниетті дуа сол жанұяда туылған балалардың тағдырына әсер еткен. Бір отбасының тағдырын тас-талқан еткен дуа туралы Алаш айнасы басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ баяндайды.

power911.ru

Көрнекі фото: power911.ru

Бүгінгі таңда біреуді дуалап тастапты дегенді жиі естиміз. Асхат есімді азаматтың да жанұясынан осы дуаның кесірінен береке қашыпты.

Асхат дуаның өзінің емес, ата-анасының отбасына жасалғанын айтты.

Жас кезінде әкесі ерте үйленген екен. Алайда бірінші әйелінің дуаға жақындығы олардың ажырасуларына себеп болыпты.

Араға екі жыл салып жігіттің әкесі екінші рет үйленген.

Анасы үш қыз, бір ер баланы дүниеге әкеліпті. Дегенмен, шаңырақтарында ешқашан береке болмаған екен. Үнемі жанжал туындап, әкесі ішімдікке құмар болыпты. Ал анасы осы ауыртпалықтардың кесірінен жиі ауырған.

«Әкелеріңнің бірінші әйелі отбасымызды оқытып тастаған, шаңырағымызда сондықтан құт-береке жоқ» деп анам жиі айтатын», — деп есіне түсірді Асхат.

Алғашында жігіт анасының бұл сөздеріне мән бермепті. Енді өзі шаңырақ құрғаннан кейін отбасында береке жоғын көріп, анасының сөздерін ой сарасынан өткізген.

Ойлап қараса, жанұядағы төрт баланың да тағдыры тас-талқан болған көрінеді.

«Ең үлкен әпкемнің күйеуі дінге басымен кіріп кеткен, отбасын мүлде ойламайды. Екінші әпкемнің күйеуі араққа салынған алқаш. Үйінде күн сайын жалжал шығарады. Ал үшінші әпкемнің күйеуі бірде-бір әйелді қалт жібермейтін қызқұмар болып шықты», — деп күйінді Асхат.

Ал өзінің жұбайы ұрыс болса, төркініне қарай жүгіретін әйел болып шығыпты. Асхат тапқан-таянғанын үйіне әкелсе, әйелі төркініне тасып әлек екен.

Осылайша шаңырағы шайқалып, құты қашқан ер адам бар кінә сол бұрын жасалған дуада деп отыр. Ол дуа бір емес, бес жанұяның берекесін қашырыпты.