Бердімұхамедов Ашхабадта Алабай итіне алтын ескерткіш қойды

0
1006

10 қарашада Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта Алабай итіне алтын ескерткіш қойды.

Бұл туралы KzNews.kz ақпараттық агенттігі «Туркменистан Сегодня»-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Аркадагтың өзі «осы ғажайып жануарлардың теңдесі жоқ ерлігі мен ұлы мейірімді жүрегін құрметтеу, қастерлеу, оның ұлттың тарихи тағдырындағы рөлін және олардың халық өміріндегі алатын орнын баса мән бере отырып» құрмет көрсету үшін бастама көтерді.

15 метрлік «Түрікмен Алабай» монументі (иттің фигурасының биіктігі алты метр, ол тоғыз метр биіктікте орнатылған) диаметрі 36 метр платформада орналасқан.

Іс-шара Түркіменстанның ұлттық телевизиясында көрсетілді.

(15:45 минуттан қараңыз)

Түркіменстанда Алабай ақалтеке жылқыларымен бірге ұлттық байлық болып саналады. Бұған дейін елде алабайдың құрметіне арналған мереке пайда болған; ол сәуірдің соңғы жексенбісінде – аттың құрметіне арналған мерекемен дәл сол күні аталып өтеді. 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз