Бердібек Сапарбаевтың ұлы 300 мың еуро тұратын көлікті қайдан алды?
Бұл суретте Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың ұлы — Жансұлтан. Құны 300 мың еуродан кем түспейтін Феррари автокөлігін тізгіндеп алған. Сапарбаевтың ұлы оқуын бітіре салысымен «Қазақмыс» басшысының көмекшісі қызметіне кірісті. 28 жасында Астанадағы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Өмірде қиындық көрмеген, жүздеген мың доллар тұратын автокөліктерді тізгіндеп жүрген нағыз кішігірім «ханның баласы».
Ал тура сол Сапарбаев басқаратын Жамбыл облысының Жаңатас қаласында шағын ғана пәтерде 7 адам тұрған. Ерлі-зайыптылар мен олардың 5 сәбиі. Балалардың үлкені 5 жаста болса, кенжесі бір жаста. Олардың әке-шешесі қарапайым адамдар екені анық. «Балаларымызды қалай асыраймыз, несиені қалай төлейміз» деп аз ғана жалақыға күнелтіп жүрген жандар болса керек. Амалсыздан балаларын үйіне тастап кетті. Сол күні үйден өрт шығып, бес бірдей сәби отқа оранды. Бүкіл елге нағыз қасіретті хабар болды бұл.
Неге осындай жағдай орын алып отыр? Себебі, Қазақстанда сапарбаевтардың, назарбаевтар мен оның айналасындағылардың ғана дәурені жүріп тұр. Қомағай шенеуніктердің құлқынын тойдыру мүмкін болмай тұр. Асап жатыр, жұтып жатыр, қылғытып жатыр. Бәрібір тоймайды. Сапарбаевтың ұлы бүгін Феррари мінгісі келсе, ертең Мазераттиге отырғысы келеді. Нұрәли Әлиевтердің бүгін 500 миллион доллары болса, ертең миллиардер болсам дейді. Осылайша кете береді. Ал оның зардабын тартып отырған бес баласынан айрылған Астанадағы Ситер отбасы, Жаңатастағы қарапайым жанұя. Миллиондаған адам кедейшіліктің кебінде сол үшін өмір сүруде.
Тонаудан қолы босамайтын шенеуніктердің кесірінен. Әйтпесе, 19 миллион халыққа шалқыған өмір сыйлауға еліміздің жағдайы жетіп тұр. Бірақ, ат төбеліндей ұры-қарыны тойдыра алмай жатыр әлі де.
Бұған тоқтау салатын күн жетті! 28 ақпан күні сағат 12-00 Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайынан Республика алаңына дейін бейбіт шерумен жүріп өтеміз! Үнсіз қалмайық!
Дұрыс па?
Жанболат Мамай, Facebook парақшасынан